ХАБАРЛАНДЫРУ! » 20 бөбекжай – бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№20 бөбекжай – бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 45-68-97
bookkeeping:
+7(7262) 45-68-97
Version for
visually impaired
» » ХАБАРЛАНДЫРУ!

01
тамыз
2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Хабарландыру
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бос  және Уақытша  орындарға конкурс жариялайды.
01.08.2024 жыл
* Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
* Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар `Enbek.kz`және бөбекжай бақшамыздың ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
* Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос  орындарға  жүргізіледі:
І. Әдіскер ( тұрақты ), 1- бірлік (қазақ және орыс тілінде);
ІІ. Тәрбиеші  (тұрақты),  1- бірлік (қазақ тобына); 

І. Әдіскердің негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,Қазақстан Республикасының«Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» «Қазақстан Республикасынындағы Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер,педагогика және психология негіздері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау,қорыту және тарату әдістемесі,педагогика және жас психологиясы негіздері,дидактика принциптері,оқытудың жалпы және жеке әдістері,әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері,педагогикалық этиканың нормалары ,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,өртке қарсы қорғау ережелерін білуге міндетті.

Лауазымдық міндеттері:Педагогтармен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады,әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді,педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды),семинарларын,конференцияларын,конкурстарын әзірлеуді және бекітуге дайындауды ұйымдастырады,педагогтарға консультациялық және практикалы көмек көрсетеді,педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар,әзірлемелер,тестілік және өзге де материалдар жасайды оларды педагогтердің назарына жеткізеді,оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады,педагогтердің нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады,әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және  конкурс,көрме,жарыстар өткізуді ұйымдастырады және әзірлейді.
Кандитатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің  кемінде 5 жыл болуы міндетті. «Педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілік санаттарының, «педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы және арнайы білім беруді дамыту бойынша курстан өткен сертификаты болуы міндетті
Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.
Еңбек ақы орта есеппен –  (194860) жүз тоқсан төрт мың сегіз жүз алпыс          
ІІ.Тәрбиешінің  лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен біріге отырып тәрбиеленушілердің  денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады. Ата-аналарымен және  тәрбиеленушілердің  басқа да заңды  өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Тәрбиеленушілердің   күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды, ұйымдастырады.  Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Administration және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды.
Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.
Еңбек ақы орта есеппен –  160 000 (жүз алпыс мың)
Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.
Конкурс өткізілетін орын: "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, Айтиева 3, Sad.20@inbox.ru
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
     Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
   
 Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:

1).Осы қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған бағалау парағы.
11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720x480.
Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2024 жылдың тамыз  айының  01- 09 жұлдызы аралығы 
Конкурс өткізілетін күні: 
2024 жылдың  тамыз айының   16-шы жұлдызы күні. 
Уақыты: 10.00 басталады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

28 мамыр 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
03 қаңтар 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
02 мамыр 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
10 сәуір 2023 Хабарландыру
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив