ХАБАРЛАНДЫРУ » 20 бөбекжай – бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№20 бөбекжай – бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 45-68-97
bookkeeping:
+7(7262) 45-68-97
Version for
visually impaired
» » ХАБАРЛАНДЫРУ

02
мамыр
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ


Хабарландыру


"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бос  және Уақытша  орындарға конкурс жариялайды.


02.05.2023 жыл


  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының (22.12.2022 ж. №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.


  • Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ``Enbek.kz``және бөбекжай бақшамыздың ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.


  • Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос  орындарға  жүргізіледі:


І. Тәрбиеші ( демалыстағы тәрбиеші орнына уақытша) – 2 бірлік, қазақ тілінде.


ІІ. Музыка жетекшісі (нақты орын), (0,75 – қазақ және орыс тілінде).



І. Тәрбиешінің лауазымдық міндеттері:


 Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен біріге отырып тәрбиеленушілердің  денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады. Ата-аналарымен және  тәрбиеленушілердің  басқа да заңды  өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Тәрбиеленушілердің   күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды, ұйымдастырады.  Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Administration және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды. 


Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат.


Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен – 140 000 (жүз  қырық  мың)



ІІ. Музыка жетекшісінің лауазымдық міндеттері:


Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.  Балалардың музыкалық тәрбиесін іске асырады. Жоспар бойынша музыкалық сабақ өткізеді, балалар өлеңін үйретуге, музыкалық ойындар, билер, музыкалық ойындарға арналған костюмдерді безендіруге және мерекелерді өткізу жұмыстарын жүргізеді. Parents баланы музыкаға тәрбиелеу жөнінде кеңес береді. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Administration және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды.

Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен – 126 000 (жүз жиырма алты мың)



Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.



Конкурс өткізілетін орын: "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, Айтиева 3, Sad.20@inbox.ru

Кокурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:


1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

           2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

           3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

           4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

           5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

           6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 21579 болып тіркелген).  

           7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

           9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.(болған жағдайда) Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғарғы оқу орнымен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті. 


Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2023 жылдың мамыр айының  2-12 жұлдызы аралығы 


Конкурс өткізілетін күні: 

2023 жылдың мамыр айының 19ы жұлдызы күні. 

Уақыты: 10.00 басталады.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив