ХАБАРЛАНДЫРУ! » 20 бөбекжай – бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№20 бөбекжай – бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(7262) 45-68-97
bookkeeping:
+7(7262) 45-68-97
Version for
visually impaired
» » ХАБАРЛАНДЫРУ!

05
ақпан
2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Хабарландыру

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бос  және Уақытша   орындарға конкурс жариялайды.

05.02.2024 жыл

• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

• Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар `Enbek.kz`және бөбекжай бақшамыздың ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

• Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос   орындарға  жүргізіледі:

І. Тәрбиеші  (тұрақты),   (1,0 орыс тобына);                            

Тәрбиешінің  лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен біріге отырып тәрбиеленушілердің  денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады. Ата-аналарымен және   тәрбиеленушілердің  басқа да заңды  өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Тәрбиеленушілердің   күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды, ұйымдастырады.  Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Administration және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды.

Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен –  160 000 (жүз алпыс мың)


Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.

Конкурс өткізілетін орын: "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, Айтиева 3, Sad.20@inbox.ru

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:


1).Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған бағалау парағы.

11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720x480.

Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2024 жылдың ақпан  айының   05- 13 жұлдызы аралығы 

Конкурс өткізілетін күні

2024 жылдың  ақпан айының   20-шы жұлдызы күні. 

Уақыты: 10.00 басталады.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив