"Ғажайып үйлер"."Айгөлек" мектепалды тобы
Бөбекжай-бақшамызда ата-аналардың қатысуымен кіріктірілген көрнекі іс-шара өткізілді. Мектепалды топ "Айгөлек". Тәрбиеші Жұбай Жансая Іс-әрекет жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тақырыбы: "Ғажайып үйлер". Мақсаты: балалардың құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану. Балалар мен ата-аналар екі топқа бөлініп, қағаз қораптардан зәулім домқұрастырды. Іс-әрекетте балалар логикалық жұмбақ есептер шешіп, интерактивті тақтадан тапсырмалар орындады. Зерттеу жұмыстарын да жүргізді.