ХАБАРЛАНДЫРУ! » 20 бөбекжай – бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№20 бөбекжай – бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Приемная
+7(7262) 45-68-97
Бухгалтерия
+7(7262) 45-68-97
Версия для
слабовидящих

19
тамыз
2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Хабарландыру

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бос   және Уақытша  орындарға конкурс жариялайды.

19.08.2024 жыл

• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің   2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

• Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар `Enbek.kz`және бөбекжай бақшамыздың ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

• Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос   орындарға  жүргізіледі:

1. Тәрбиеші (уақытша ),    (1,0 қазақ тобына);  

2.Психолог (тұрақты),   (1,0 бірлік)                   

Тәрбиешінің  лауазымдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен біріге отырып тәрбиеленушілердің  денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады. Ата-аналарымен және   тәрбиеленушілердің  басқа да заңды  өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Тәрбиеленушілердің   күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды, ұйымдастырады.  Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Администрация және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Арнайы педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы міндетті. «Педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілік санаттарының, «педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы және арнайы білім беруді дамыту бойынша курстан өткен сертификаты болуы міндетті.


Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен –  160 000 (жүз алпыс мың)

Психологтың лауазымдық міндеттері:

Тәрбиеленушілердің психикалық, соматикалық және әлеуметтік қолайлылығын сақтауға бағытталған кәсіби әрекетті жүзеге асырады;

Бала құқығын қроғау Конвенциясына сәйкес жеке құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;

Ұйымның әлеуметтік саласы үйлестіруге көмектеседі және әлеуметтік бейімделе алмаушылықтың алдын алу бойынша алғашқы шараларды жүзеге асырады;

Тәрбиеленушілер дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қарастырады (психотүзетушілік, ағартушылық және консультациялық);

Тәрбиеленушілерге, олардың ата-аналарына (оларды алмастырушы тұлғаларға),   педагогикалық ұжымға нақты проблемаларын шешуге жәрдемдеседі;

Түрлі бейімдегі және мақсаттағы психологиялық диагностикалау жүргізеді;

Зерттеу материалдары бойынша тәрбиеленушілердің жеке басының және әлеуметтік дамуы проблемасындағы оқытушылар ұжымының, олардың ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) бағдарынанықтау мақсатында жүргізілген зерттеудің  психологиялық-педагогикалық қорытындысын жасайды;

Белгіленген формада құжаттама жүргізеді және оны тиісінше пайдаланады;

Тәрбиеленушілер дамуындағы жеке және жыныс-жастық ерекшеліктерін ескере отырып,   дамытушы білім беру бағдарламаларын жоспарлауға және жасауға қатысады, оларда әртүрлі өмірлік және кәсіби өзін-өзі тану жағдайларында бағдарлана білуін дамытуға жәрдемдеседі;

Табиғатынан дарынды тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетеді, олардың  дамуымен ізденісіне жәрдемдеседі;

Тәрбиеленушілер дамуындағы ауытқушылық дәрежесін (ақыл-ой, дене, эмоциялық),  әлеуметтік дамуындағы түрлі бұзылуларды анықтайды және оларды психологиялық- педагогикалық түзету жұмыстарын жүргізеді;

Тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) психологиялық мәдениетін қалыптастырады;

Білім беру ұйымы қызметкерлеріне тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналарының (оларды алмастырушы тұлғалардың) әлеуметтік-психологиялық  біліктілігін арттыруға бағытталған психологияны тәжірибеде пайдалану мәселелері бойынша кеңестер береді;

Педагогикалық, ата-аналар жиналысына, сауықтыру, тәрбиелеу және басқа білім беру бағдарламасында қарастырылған шараларды өткізу бойынша әдістемелік кеңестер ұйымдастырады.

Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Арнайы педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 1 жыл болуы міндетті. «Педагог-шебер», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілік санаттарының, «педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы және арнайы білім беруді дамыту бойынша курстан өткен сертификаты болуы міндетті.

Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен –  170 000 (жүз жетпіс мың)

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.

Конкурс өткізілетін орын: "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, Айтиева 3, Sad.20@inbox.ru

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:

1).Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған бағалау парағы.

11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720x480.

Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2024 жылдың тамыз  айының  19- 27 жұлдызы аралығы 

Конкурс өткізілетін күні

2024 жылдың  қыркүйек   айының  4 -ші жұлдызы күні. 

Уақыты: 10.00 басталады.










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 тамыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
28 мамыр 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
05 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
02 мамыр 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив