ХАБАРЛАНДЫРУ! » 20 бөбекжай – бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№20 бөбекжай – бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Приемная
+7(7262) 45-68-97
Бухгалтерия
+7(7262) 45-68-97
Версия для
слабовидящих

03
мамыр
2024

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Хабарландыру
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бос  және Уақытша  орындарға конкурс жариялайды.
03.05.2024 жыл
* Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының (22.12.2022 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
* Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар `Enbek.kz`және бөбекжай бақшамыздың ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
* Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос  орындарға  жүргізіледі:
І. Тәрбиеші  (тұрақты),  (1,0 орыс тобына);  
2. Тәрбиеші (уақытша ),    (1,0 қазақ тобына);                     
Тәрбиешінің  лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен біріге отырып тәрбиеленушілердің  денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады. Ата-аналарымен және  тәрбиеленушілердің  басқа да заңды  өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Тәрбиеленушілердің   күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды, ұйымдастырады.  Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Администрация және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды.
Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат. Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.
Еңбек ақы орта есеппен –  160 000 (жүз алпыс мың)

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.
Конкурс өткізілетін орын: "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, Айтиева 3, Sad.20@inbox.ru
     Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсына қатысу үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:

1).Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандитаттың толтырылған бағалау парағы.
11) Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут,ең төменгі ажыратымдылығы -720x480.
Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
2024 жылдың мамыр айының  03 - 16 жұлдызы аралығы 
Конкурс өткізілетін күні: 
2024 жылдың  мамыр  айының   23-шы жұлдызы күні. 
Уақыты: 10.00 басталады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

11 наурыз 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
05 ақпан 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
03 қаңтар 2024 ХАБАРЛАНДЫРУ!
02 мамыр 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив