Сыбайлас жемқорлық
2022ж 28 Наурыз айында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№20 бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметкерлерімен меңгеруші Нукисбекова Айнұр Есімжанқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға еңгізілген өзгерістер» бойынша дөңгелек үстел өткізді . Қ.Р «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Заңында қамтылатын ұғымдарға түсінік берді.
Осы Заңнын 9 бабында көрсетілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру-тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Информациятық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Сонымен қатар «Әділдік»,«Тең құқықтық» секілді іргелі ұғымдарды қалыптастыруда лауазымдық міндеттерді жауапкершілікпен атқару барысында педагог бойында адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу туралы өзін өзі түсіну және құқықтық мәдениет деңгейін көтеру қызметтің құқықтық және рухани-этикалық аспектілерін зерттеу туралы ойларын білдірді.