Жұмысқа хабарландыру » 20 бөбекжай – бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
"№20 бөбекжай – бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-68-97
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-68-97
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Жұмысқа хабарландыру

11
тамыз
2022

Жұмысқа хабарландыру

Хабарландыру


"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны Бос  және Уақытша   орындарға конкурс жариялайды.


  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы  № 57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.


  • Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ``Enbek.kz``және бөбекжай бақшамыздың ресми сайтына және әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.


  • Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос  орындарға жүргізіледі:


1)Музыка жетекшісі (декреттік орын уақытша), (1,75 – қазақ және орыс тілінде) ;


2)Педагог-логопед ( декреттік орын уақытша) – 1 бірлік қазақ және орыс тілінде;


3)Бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі ( декреттік орын уақытша) 1-бірлік


                                         Лауазымдық міндеттері :

 Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу стандартына сәйкес оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің  (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.Медицина қызметкерлері мен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың білім беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Ата-аналарымен және   тәрбиеленушілердің  (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің,  қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады.  Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды. Ата-аналармен отбасында бала тәрбиесі бойынша жұмыстар жүргізеді, ата-аналарды балабақша өміріне белсене қатысуына шақырады.Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесін сақтайды, Әкімшілік және еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарттың орындалуын орындайды. Жұмыс аптасының ұзақтығы – 24 сағат.

Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының ұзақтығы – 56 күнтізбелік күн.

Еңбек ақы орта есеппен – 120 000 (жүз жиырма мың)

Білуге міндетті: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «ҚР-ғы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасының санитарлық ережелермен нормаларын.


Конкурс өткізілетін орын: "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің "№20 бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны 080007, Тараз қаласы, Айтиева 3, Sad.20@inbox.ru

         

           Кокурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

           1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

           2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

           3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

           4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

           5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

           6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде         № 21579 болып тіркелген).  

           7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

           8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

           9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.(болған жағдайда) Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғарғы оқу орнымен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив